Обструктивті бронхит, ауру тарихы. Бронхит казакша


Балалардағы бронхиттер, пневмониялар, плевриттер, бронхты астма » TopReferat.com.kz Қазақша рефераттар, курстық, дипломдық, презентация

Тақырыбы: Балалардағы бронхиттер, пневмониялар, плевриттер, бронхты астма.

Бронхит

Бронхит-бронхтың қабынуы. Көп жағдайда респираторлы вирусты инфекцияның асқынуы.

Этиологиясы: вирустар, (парагрипп, аденовирус, қызылша, микоплазма вирустары т.б.),  кейде бактериялар болуы да мүмкін (жұтқыншақтағы тұрақты инфекция ошақтары, интубациядан болған асқынулар), тыныс жолдарына сырттан бөгде заттар түскенде ( химиялық) дамуы да мүмкін.

Икемдеуші жағдайға-салқындық,  лас ауа, темекі түтіні т.б.жатады.

Патогенезі: Вирустар тыныс жолдарының эпителийін зақымдайды. Бронх қабатының кедергілік (барьерлік) қасиетін төмендетеді. Балаларда, әсіресе сәбилерде тыныс жолдарының тарылуы, бронх қабатының ісінуі, ішіне секреттердің жиналуы жиі байқалады.

Клиникасы: Баланың терісі, еріні,  ауыз қуысының шырышты қабаты көгілдірленіп тұрады, тыныс алуы жиілейді, дем алуға қосымша бұлшықеттер қатысады. Көкірек  клеткасы кеңейіп, гипоксияға әкеледі. Кейде қатты жөтелгенде тынысы тарылып, демалысы тоқтап қалуы мүмкін.

Тыңдағанда:Орташа, ірі көпіршікті, құрғақ тұрақсыз сырылдар көкірек кеудесінің екі жағынан да естілуі мүмкін.

Емі: Төсек режимі дене қызуы түскеннен соң  тағы 2-3 күнге тағайындалады.

Пневмониялар.

Пневмония-өкпе ұлпасының қабынуы. Пневмонияның себептері: әртүрлі  инфекциялар, бактериялар (стафилококктар, стрептококктар, пневмококктар т.б.), вирустар, патогенді саңырауқұлақтар, микоплазмалар. Балалардың өкпе ққабынуымен ауыруына келесі факторлар себепкерболады:

1.                      Баланың организмінің реактивтілігінің төмендеуі (қажып шаршау, стресстік ситуациялар, нашар тамақтану т.б.).

2.                      Балалардың тыныс алу жүйесінің АФЕ-рі.

3.                      Фондық аурулар-мешел, анемия, гипотрофия, аллергиялық диатездер.

4.                      Қатты тоңазу.

Патогенезі: инфекция өкпеге бронхогенді, лимфогенді, гематогенді жолдармен түседі. Өкпенің қорғаныс қызметі төмендеп қабыну процессі дамиды. Өкпенің вентиляциясының және газ алмасуының бұзылыстары гипоксияға және гипоксемияға әкеледі. Зат алмасудың барлық түрлері бұзылады.

Диагностикалық критерийлері:

Пневмониялардың жіктелуі

Зақымданған аймағына байланысты:

Ағымына байланысты:

Ауырлығына байланысты:

Асқынуына байланысты:

1.Асқынған.

2.Асқынбаған.

Өкпе қабынуының жаңа туған және шала туылған балалардағы ерекшеліктері:

Ауру әлсіз айқындалады, дене қызуы көп жағдайда көтерілмейді, бала жөтелмеуі мүмкін, бірақ жиі шашалған сияқты болады, тәбеті төмендеп, салмағы азаяды. Аллергияға бейім балаларда тыныс алу жетіспеушілігінің синдромдары жедел өседі, алыстан естілетін ысқырған сырыл пайда болады.Стафилококкпен шақырылған пневмониялардың ерекшелігі-өкпе тканінде ірің мен ауаға толы қуыстар-буллалар пайда болады да өте ауыр өтеді., кейде ірің плевраға өтіп іріңді плевритпен асқынады.

Бронхты демікпе.

Созылмалы бронхтардың өткізгіштігінің бұзылуымен байланысты экспираторлы тыныс алу жетіспеушілігімен сипатталады. Мезгіл-мезгіл аурудың қозуымен өтеді.

Этиологиясы. Аурудың негізінде көбінесе аллергиялық факторлар-тағамдық және дәрілік аллергендер, өсімдік тозаңдары, жануарлар жүні, вирустар, саңырауқұлақтар т.б.

Патогенезі: Демікпенің дамуы тыныс алу жолдарының ісініп тарылуымен, жоғары секрециясымен, обструкциялармен және бұлшықеттердің спазмымен байланысты.

Айқындалуы: 4 кезеңмен сипатталадаы:

Басталу кезеңі-науқаста бірнеше минут немесе күндер бұрын тынымсыздық, ашуланшақтық, психикалық депрессия, ұйқысының бұзылуы, түшкіру, көздің, терінің қышуы, мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел, басының ауыруы болады.

Тұншығу кезеңі-науқаста ауа жетіспеушілік сезімі, кеуденің қысылу сезімі, экспираторлы  тұншығу, алыстан естілетін ысқсрсқ тәрізді сырыл болады. Жағдайы-тәуелді-шынтағымен тізесін тіреп еңкейіп отырады. Бет терісі боз, кейде көгілдір, дымқыл. Кеуде клеткасы демалу жағдайында-қабырғааралық бұлшықеттері тартылған, мойын тамырлары кеңейген. Жөтелгенде қою қақырық бөлінеді. Перкуторлы дыбысы қысқарған. Аускультацияда-қатқыл тыныс пен әр-түрлі құрғақ сырылда және крепитация. Жүрек тондары әлсіз, тахикардия.

Ұстамадан кейінгі кезеңде және

Ұстама аралық кезеңде науқастың жағдайы жақсы, бірнеше күнге дейін ашық түсті қақырықты жөтел сақталады. Сырылдар естілуі мүмкін.

Аурудың жеңіл түрінде ұстама жылына1-2 рет, тез қалпына келеді. Орташа түрінде айына 1 рет. Ауыр түрінде ұстама жиі, ұзақ, астматикалық жағдайға ауысады, 6-8 сағатқа созылады       ЖҚА-де-эозинофилия.

            Емі:

Плевриттер-

Плевраның қабынуы.

Түрлері :                                   І. 1. Спецификалық  /туберкулезды/

2. Спецификалық емес

ІІ. 1. Құрғақ

2. Эксудатты

а/ серозды

б/ іріңді

 

Науқастың жалпы жағдайы өте ауыр болуы мүмкін. Перкуторлы дыбыс ұзарған, аускультацияда-плевралардың жанасу дыбысы естіледі.

Емі: плевральды пункция, торакотомия.

topreferat.com.kz

Обструктивті бронхит, ауру тарихы | KazMedic

  1. Паспорттық бөлім:

Аты-жөні: Досым Аружан

Жынысы: әйел адам

Жасы: 8

Туған күні, айы, жылы: 17.02.2005 ж.

Тұрақты мекен-жайы: ШҚО, Семей қаласы, Павлодар көшесі, 8 үй

Ұлты: Қазақ

Қан тобы: II, Rh +

Дәрілерге аллергиясы: жоқ

 

Ата-анасының аты-жөні: анасы – Байханова Б.К.

Ата-аналарының тұрақты мекен-жайы: ШҚО, Семей қаласы, Павлодар көшесі, 8 үй

Жұмыс орны және мамандығы: анасы – №26 орта мектеп, бастауыш сынып мұғалімі

Ауруханаға түскен күні: 18.09.2013 жыл, уақыты: 1210

  • Түскен кездегі диагнозы: обструктивті бронхит
  • Болжам дигноз: обструктивті бронхит
  • Клиникалық диагноз: ЖРВИ. Обструктивті бронхит, орташа ауырлық дәрежесі.
  • Қорытынды диагноз: ЖРВИ. Обструктивті бронхит, орташа ауырлық дәрежесі.
  • Асқынулары: жоқ
  • Қосымша аурулар: жоқ

Аурудың аяқталуы: сауығу

Ауруханадан шыққан күні: «30» қыркүйек 2013 жыл

Ауруханада жатқан күндер саны: 13

Курацияның басталған күні: «24» қыркүйек 2013 жыл

Курацияның аяқталған күні: «30» қыркүйек 2013 жыл

ІІ. Науқастың шағымдары

Курация кезінде: жөтел, қақырық түсуі.

 

ІІІ. Аурудың даму тарихы (Anamnesis morbi)

Анасының айтуы бойынша, баланың ауырғанына 10 күндей болған. Жөтелу, ентігу, ауа жетпей мазасыздануына байланысты жанұялық дәрігерге қаралған және дәрігер тағайындауы бойынша ем алған: цефазолин 4 күн бұлшық етке енгізген. Аллерголог дәрігердің кеңесі берілген, нозейлин, «Аква-марис» қабылдаған. Жағдайы нашарлап, анасымен медициналық орталыққа келіп, бөлім меңгерушісі Ертуспаева Г.К. кеңесімен 18.09.2013 күні педиатрия бөліміне жатқызылды.

 

ІV. Өмірі туралы анамнез (Anamnesis vitae)

Бала жасына сай дамыған. Егулер өз уақытымен жүргізілген. Отбасында 1 бала, 1 жүктіліктен, жүктілік қалыпты өткен. Аллергоанамнезі – белгісіз.

Басынан өткерген аурулары: ЖРВИ, баспа, бронхит, артрит.

Инфекциялық науқастармен байланыста болмаған.

Тұқым қуалайтын аурулары жоқ. Гемотрансфузия жүргізілмеген. Спецификалық аурулары жоқ.

 

  1. Отбасылық анамнез
  2. Ата-аналарының жасы: анасы – Байханова Б.К. 30 жаста
  3. Ата-аналарының денсаулығы қалыпты, спецификалық және тұқым қуалайтын аурулары жоқ.
  4. Отбасында жалғыз, 1 бала.

 

 

 

VІ. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы

  1. Өмір сүру жағдайы: қанағаттанарлық
  2. Үйде тұратын отбасы мүшелерінің саны: 3
  3. Үй жағдайы: құрғақ, жарық, жылы, уақытында желдетіліп отырады. Баланың жеке төсегі, төсек орны бар.
  4. №26 орта мектепте 3 сыныпта оқиды.
  5. Күн тәртібі: сақталады. Тамақтану рационы кең.

 

VІІ. Объективті зерттеулер (Status praesens)

Науқастың жалпы жағдайы обструктивті синдромға байланысты орташа ауырлықта. Төсектегі қалпы белсенді, есі анық. Ұйқысы қалыпты, тәбеті сақталған.

Тері жабындылары қызғылт, таза. Тері асты май қабаты қалыпты, біркелкі. Тургор қалыпты, денесінде бөртпелер, жарықтар, пигментация жоқ.

Склерасы ақ түсті. Тілі ақ жабынмен жабылған, ылғалды.

Аранында шамалы гиперемия байқалады.

Бұлшық етінің дамуы, тонусы қалыпты. Пальпация кезінде ауырсынбайды, контрактура, тығызданулар жоқ.

Дене бітімі: нормостеникалық, кеуде клеткасы қалыпты, цилиндр пішінді.

Сүйектері қалыпты, деформациясыз. Буындарының конфигурациясы қалыпты. Буын айналасындағы тері түсі қалыпты, қозғалғанда, пальпациялағанда ауырсынбайды.

Лимфа түйіндері ұлғаймаған, консистенциясы жұмсақ, ауырсынусыз.

Бойы: 131 см

Салмағы: 26 кг

Дене температурасы: 36,6 0 С

ТАЖ: 24 рет/мин

ЖСЖ: 80 рет/мин

 

 

 

 

Тыныс алу жүйесі

Жалпы қарау:

Тыныс алуы: мұрын арқылы тыныс алуы қиындаған. Мұрыннан шырыш бөлінуі бар. Жөтелі бар, ентігу жоқ. Тыныс алу типі – кеуделік.

Кеуде клеткасының формасы: нормостеникалық, цилиндр тәрізді, екі жағы симметриялы, тыныс алу актісіне бірдей қатысады.

ТАЖ: 24 рет/мин

 

Пальпация:

Ауырсынусыз, кеуденің серпімділік қасиеті жақсы, дауыс дірілі барлық аймақтарда бірдей сезіледі.

 

Перкуссия:

  1. Салыстырмалы перкуссия:

Кеуденің симметриялы орындарында екі жағында да ашық өкпелік дыбыс естіледі.

  1. Топографиялық перкуссия:
Топографиялық сызықтарОң жақСол жақ
Өкпенің жоғарғы шекарасы:Өкпе ұшының биіктігі

Алдыңғы жағынан

Артқы жағынан

 

Крениг кеңістігінің көлденең аумағы

Өкпенің төменгі шекарасы:

Бұғана орта сызығы

 

Алдыңғы қолтық асты сызығы

Ортаңғы  қолтық асты сызығы

Артқы қолтық асты сызығы

Жауырын сызығы

Омыртқа маңы сызығы бойынша

  

Бұғанадан 3 см  жоғары

ҮІІ мойын омыртқасының көлденең өсіндісіне сәйкес келеді

6 см

 

 

 

VІ қабырға

 

VІІ қабырға

 

VІІІ қабырғаға

 

ІХ қабырға

 

Х қабырға

ХІ кеуде омыртқасының тұсында

  

Бұғанадан 3 см  жоғары

ҮІІ мойын омыртқасының көлденең өсіндісіне сәйкес келеді

6 см

 

 

 

Жүрек орналасқан, VІ қабырға

VІІ қабырға

 

VІІІ қабырғаға

 

ІХ қабырға

 

Х қабырға

ХІ кеуде омыртқасының тұсында

 

Аускультация:

Өкпеде қатқыл ысқырық тәрізді тыныс, өкпенің төменгі бөлімдерінде ылғалды ұсақ- және орташа көпіршікті сырылдар естіледі.

Екі өкпенің симметриялық алаңдарында бронхофония бірдей.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүрек-қан тамырлар жүйесі

Жалпы қарау:

Жүрек төмпешігі байқалмайды. Жүрек негізінде патологиялық пульсация байқалмайды.

 

Пальпация:

Жүрек ұшының түрткісі сол жақ бұғана ортаңғы сызығы бойымен V қабырғааралыққа сәйкес келеді, биіктігі, күші- орташа.

Пульс: 80 рет/мин, пульс дефициті байқалмайды, толымдылығы – толық, биіктігі — орташа, кернеуі – орташа, ырғақты.

 

Перкуссия:

Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекарасы:Оң жақ

 

Сол жақ

 

Жоғарғы 

 

Жүректің абсолютті тұйықтығының шекарасы:

Оң жақ

Сол жақ

Жоғарғы

Қан тамырлар шоғырының шекарасы

  

VI қабырға аралық, төстің оң жақ бойында

V қабырға аралық, бұғана орта сызығы бойымен

ІІІ қабырға  l.parasternalis sinistra бойымен

 

 

Төстің сол жақ жиегі

Бұғана орта сызығынан 2 см ішке қарай

ІV қабырғаға

4 см

 

 

Аускультация:

Жүрек тондары анық, шулары жоқ, қосарланған дыбыстар жоқ, ырғағы дұрыс.

ЖСЖ: 80 рет/мин.

Ас қорыту жүйесі

Жалпы қарау:

Тілі: ылғалды, ақ жабынмен жабылған, жұтынуы еркін, тіл, қызыл иектің қанауы жоқ. Бадамшалары ұлғаймаған.

Аузынан жағымсыз иіс сезілмейді.

Тістері: сүт тістер, бүтін емес, 3 тісінде тісжегісі бар.

Тәбеті: сақталған.

Іші: дұрыс пішінді, симметриялы.

Кіндікте, сыртқы шап және сан тесіктерінде патология жоқ. Сарғаю байқалмайды.

Нәжісі: ретті, пішінді, қоңыр түсті

 

Пальпация:

  1. Беткей пальпация:

Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Іш пердесінің тітіркену белгісі жоқ.

  1. Терең пальпация:

Асқазан: үлкен қисықтығы кіндіктен 4 см жоғары, дененің ортаңғы сызығының екі жағында да орналасқан. Кіші қисығы мен қалтқысы пальпацияланбайды.

Ішектер: сол жақ мықын аймағында сигма тәрізді ішек білеуленіп тұрады, формасы цилиндр тәрізді, беті тегіс, тығыз, диаметрі 2см-дей, ауырсынбайды, перистальтикасы қалыпты, жылжымалы. Мықын ішектің соңғы бөлігі оң жақ мықын аймағында білінеді, цилиндр тәрізді, ауырсынусыз, диаметрі 1-1,5 см, шұрылдайды. Соқыр ішек оң жақ мықын аймағында цилиндр тәрізді білінеді, диаметрі 3 см-дей, ауырсынбайды, басқан кезде шұрылдайды. Көлденең ішек кіндік маңы аймағында пальпацияланады, орташа тығыз консистенциялы, қозғалмалы, цилиндр тәрізді, диаметрі 2,5 см-дей.

Ұйқы безі, көкбауыр пальпацияланбайды.

Бауыр пальпациясы: Бауырдың төменгі жиегі қабырға доғасының төменгі жиегіне сәйкес келеді. Консистенциясы жұмсақ, жиегі өткір, ауырсынбайды. Көкбауыры пальпацияланбайды.

 

Перкуссия: құрсақ қуысында сұйықтық жоқ. Ішектерден тимпаникалық дыбыс естіледі.

Бауыр перкуссиясы:

Курлов бойынша перкуссия:

І өлшем — 9 см

ІІ өлшем — 8 см

ІІІ өлшем — 7см

 

Аускультация:

Ішектердің периодты, шұрылдар естіледі.Ішектердің моторикасы, перистальтикасы сақталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зәр шығару жүйесі

Жалпы қарау:

Өзгерістер байқалмайды, ісінулер жоқ.

Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз, күніне 5-6 рет. Зәр түсі — сабан сары, мөлшері тәулігіне 1000-1300 мл-дей.

 

Пальпация:

Бүйректер пальпацияланбайды, ауырсыну белгілері жоқ.

Қуықты, несепағарды пальпациялағанда ауырсынусыз.

Перкуссия:

Перкуссия кезінде шала тимпаникалық дыбыс естіледі.

Пастернацкий симптомы екі жағынан да теріс.

Екіншілік жыныс белгілері байқалмайды, жүндестігі жоқ, жыныс мүшелерінің водиянкасы мен крипторхизмы жоқ.

Эндокринді жүйе

Жалпы қарау:

Бойы 131 см., салмағы 26 кг.,  жасына сай, ауытқулары жоқ. Қалқанша безі өзгермеген, қалыпты.

Екіншілік жыныс белгілері байқалмайды, жүндестігі жоқ, жыныс мүшелерінің водиянкасы мен крипторхизмы жоқ.

Жүйке жүйесі

Психикасы: бұзылмаған, есі – дұрыс, интелектісі – өз жасына сай, ұйқысы қалыпты, есте сақтау қабілеті жақсы, басы айналмайды, сөйлеу, көру,  иіс сезу қабілеттері бұзылмаған.

Дермографизм: қызғалт, пайда болу  уақыты 30 секунд, жоғалу уақыты 2 минут.

Мүшелерінің жансыздануы, салдануы, қалшылдауы байқалмайды.

Бас ми жарақаты болмаған.

Кірпік, қарашық, тізе, өкше, және т.б. рефлекстері сақталған.

 

VIII. Status localis:

Тыныс алуы: мұрын арқылы тыныс алуы қиындаған. Мұрыннан шырыш бөлінуі бар. Жөтелі бар, ентігу жоқ. Тыныс алу типі – кеуделік.

Кеуде клеткасының формасы: нормостеникалық, цилиндр тәрізді, екі жағы симметриялы, тыныс алу актісіне бірдей қатысады.

ТАЖ: 24 рет/мин

 

Пальпация:

Ауырсынусыз, кеуденің серпімділік қасиеті жақсы, дауыс дірілі барлық аймақтарда бірдей сезіледі.

 

Перкуссия:

Салыстырмалы перкуссия: кеуденің симметриялы орындарында екі жағында да ашық өкпелік дыбыс естіледі.

 

Аускультация:

Өкпеде қатқыл ысқырық тәрізді тыныс, өкпенің төменгі бөлімдерінде ылғалды ұсақ- және орташа көпіршікті сырылдар естіледі.

Екі өкпенің симметриялық алаңдарында бронхофония бірдей.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІХ. Болжам диагнозды негіздеу:

  1. Ауру шағымдары: жөтел, қақырықтың түсуі, мұрын арқылы тыныс алудың қиындауы, ентігу, мазасыздану.

2.Anamnesis morbi: Анасының айтуы бойынша, баланың ауырғанына 10 күндей болған. Жөтелу, ентігу, ауа жетпей мазасыздануына байланысты жанұялық дәрігерге қаралған және дәрігер тағайындауы бойынша ем алған: цефазолин 4 күн бұлшық етке енгізген. Аллерголог дәрігердің кеңесі берілген, нозейлин, «Аква-марис» қабылдаған. Жағдайы нашарлап, анасымен медициналық орталыққа келіп, бөлім меңгерушісі Ертуспаева Г.К. кеңесімен 18.09.2013 күні педиатрия бөліміне жатқызылды.

3.Anamnesis vitae: Басынан өткерген аурулары: ЖРВИ, баспа, бронхит, артрит.

  1. Объективті зерттеу нәтижелері: аускультативті өкпесінен қатқыл ысқырық тәрізді тыныс, өкпенің төменгі бөлімдерінде ылғалды ұсақ- және орташа көпіршікті сырылдар естіледі.

 

Осы деректерге сүйене отырып, мынадай болжам диагнозды қоямын:

Обструктивті бронхит.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Х. Зерттеу жоспары:

 

  1. ЖҚА
  2. ЖЗА
  3. Капрограмма, нәжісті құрт жұмыртқаларына тексеру
  4. Спирография
  5. Кеуденің рентгенографиясы
  6. Қақырықты бактериологиялық зерттеу
  7. Физиотерапевт, оториноларинголог мамандарының кеңесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

XІ. Емдеу жоспары

 

  1. Диета (Певзнер бойынша №6 үстел)
  2. Палаталық режим
  3. Спазмолитик ретінде:

Rp.: Tab. Euphyllini  0,15

D.t.d.№10 S: 10 мг/кг/тәул, 4 рет ішке қабылдау

 

Бронходилататор ретінде:

Rp.: Aer. Asthalini (Salbutamoli)  0,15

D.t.d.№1 S: 3 дозадан күніне 3 рет ингаляция жасау

 

Антибактериальды және вирусқа қарсы ем:

Rp.: Augmentini  0,6

D.t.d.№10 in pulv. S: 5мл-дан күніне 3 рет бұлшық етке енгізу, сынамамен

 

Дисбактериоздың алдын алу мақсатында:

Rp.: Sol. Hylac forte 100ml D.t.d.№1 S: 30 тамшыдан күніне 3 рет ішке қабылдау

 

Мұрын арқылы тыныс алуды қалпына келтіру үшін:

Rp.: Sol. Protargoli 2%-5ml D.t.d.№1 S: 3 тамшыдан күніне 3 рет мұрын қуысына тамызу

 

 

Антигистаминді зат:

Rp.: Tab. Suprastini 0,025 D.t.d.№10 S: ¼ таблеткадан күніне 2 рет ішке қабылдау

 

  1. Инъекция орнына компресс қою: спирт+фурациллин 1:1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

XІІ. Зерттеу нәтижелері

Күні18.09.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18.09.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20.09.

 

КөрсеткіштерЖҚА

Гемоглобин

Эритроцит

Түсті көрсеткіш

Тромбоциттер

Лейкоциттер

С/я нейтрофилдер

Эозинофилдер

Моноциттер

Лимфоциттер

ЭТЖ

Қорытынды: лейкоцитопения

 

ЖЗА

Салыстырмалы тығыздығы

Түсі

рН

Белок

Жалпақ эпителий

Лейкоциттер

Эритроциттер

Қорытынды: лейкоцитурия

 

Нәжісті құрт жұмыртқаларына тексеру

Қалыпты   жағдайда 

120-140 г/л

3,9-4,7*1012/л

0,85-1,05

180,0-320,0*109/л

4,0-9,0*109/л

47-72%

0,5-5%

2-9%

18-40%

2-15 мм/сағ

 

 

 

 

1015-1020

 

Сабан сары

5,0-7,0

Жоқ

Жоқ

1-2 к/а

Жоқ

 

 

 

Жоқ

 

Науқаста 

136 г/л

4,1*1012 /л

0,99

243,0*109/л

3,8*109/л

64%

4%

4%

28%

8 мм/сағ

 

 

 

 

1020

 

Сабан сары

5,0

Жоқ

1-2 к/а

2-4 к/а

Жоқ

 

 

 

Жоқ

 

Анықтама 

N

N

N

N

N

N

N

N

N

 

 

 

 

N

 

N

N

N

N↑

N↑

N

 

 

 

N

 

 

 

Кеуде клеткасының R-графиясы: (18.09.2013)

өкпелік суреттің күшеюі, өкпе түбірінің кеңеюі.

XІІI. Клиникалық диагноз және оны негіздеу

  1. Ауру шағымдары: жөтел, қақырықтың түсуі, мұрын арқылы тыныс алудың қиындауы, ентігу, мазасыздану.

2.Anamnesis morbi: Анасының айтуы бойынша, баланың ауырғанына 10 күндей болған. Жөтелу, ентігу, ауа жетпей мазасыздануына байланысты жанұялық дәрігерге қаралған және дәрігер тағайындауы бойынша ем алған: цефазолин 4 күн бұлшық етке енгізген. Аллерголог дәрігердің кеңесі берілген, нозейлин, «Аква-марис» қабылдаған. Жағдайы нашарлап, 18.09.2013 күні педиатрия бөліміне жатқызылды.

3.Anamnesis vitae: Басынан өткерген аурулары: ЖРВИ, баспа, бронхит, артрит.

  1. Объективті зерттеу нәтижелері: бронхообструктивті синдром, аускультативті өкпесінен қатқыл ысқырық тәрізді тыныс, өкпенің төменгі бөлімдерінде ылғалды ұсақ- және орташа көпіршікті сырылдар естіледі.

Лабораториялық-инструментальды зерттеулер: 18.09.2013 күнгі кеуде клеткасының рентгенографиясында – өкпелік суреттің күшеюі, өкпе түбірінің кеңеюі байқалады.

Осы деректерге сүйене отырып, мынадай клиникалық диагнозды қойдым:

ЖРВИ. Обструктивті бронхит, орташа ауырлық дәрежесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

XIV. Күнделік

24.09.2013ж.

Дене температурасы: 36,6 0 С

ТАЖ: 25 рет/мин

Пульс: 84 рет/мин

 

Науқастың жалпы жағдайы: орташа ауырлықта, бронхообструктивті синдромға байланысты.

Шағымдары: сирек жөтел, қақырықтың шығуы.

Төсектегі қалпы белсенді, есі анық. Тәбеті және ұйқысы бұзылмаған.

Тері жабындыларының түсі қалыпты, таза. Тілі ақшыл жабынмен қапталған.

Аранында доғалар мен бадамшалардың шамалы гиперемиясы байқалады.

Аускультативті қатқыл тыныс, өкпенің төменгі бөлімдерінде орташа көпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек тондары ашық, ырғақты. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр мен көкбауыры ұлғаймаған. Физиологиялық атқарулары бұзылмаған. Емін жоспар бойынша жалғастыруда.

 

26.09.2013ж.

Дене температурасы: 36,4 0 С

ТАЖ: 24 рет/мин

Пульс: 82 рет/мин

 

Науқастың жалпы жағдайы: орташа ауырлықта, бронхообструктивті синдромға байланысты.

Шағымдары: сирек жөтел, қақырықтың шығуы.

Төсектегі қалпы белсенді, есі анық. Тәбеті және ұйқысы бұзылмаған.

Тері жабындыларының түсі қалыпты, таза.

Аранында доғалар мен бадамшалардың шамалы гиперемиясы байқалады.

Аускультативті өкпенің төменгі бөлімдерінде қатқыл ысқырық тәрізді және орташа көпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек тондары ашық, ырғақты. Іші пальпациялағанда ауырсынбайды. Нәжісі пішінді. Диурез сақталған.

 

28.09.2013ж.

Дене температурасы: 36,7 0 С

ТАЖ: 23 рет/мин

Пульс: 85 рет/мин

 

Науқастың жалпы жағдайы: орташа ауырлықта, бронхообструктивті синдромға байланысты.

Шағымдары: сирек жөтел.

Төсектегі қалпы белсенді, есі анық. Тәбеті сақталған.

Тері жабындылары таза, түсі қалыпты. Араны таза.

Аускультативті өкпенің төменгі бөлімдерінде қатқыл ысқырық тәрізді және орташа көпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек тондары ашық, ырғақты. Іші пальпациялағанда ауырсынбайды. Бауыр мен көкбауыры ұлғаймаған. Нәжісі пішінді. Диурез сақталған. Емі жоспар бойынша жалғасуда.

Дәрігерлік тағайындаулар: қайталама ЖҚА, ЖЗА жасау.

 

30.09.2013ж.

Дене температурасы: 36,7 0 С

ТАЖ: 22 рет/мин

Пульс: 80 рет/мин

 

Науқастың жалпы жағдайы: орташа ауырлықта, бронхообструктивті синдромға байланысты.

Шағымдары: сирек жөтел. Төсектегі қалпы белсенді, есі анық. Тәбеті және ұйқысы бұзылмаған.

Тері жабындылары таза, түсі қалыпты. Араны таза.

Аускультативті қатқыл тыныс, өкпенің төменгі бөлімдерінде орташа көпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек тондары ашық, ырғақты. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр мен көкбауыры ұлғаймаған. Физиологиялық атқарулары бұзылмаған.

29.09.2013 күнгі қайталама ЖҚА және ЖЗА нәтижелері келді: патология жоқ.

 

Температуралық қисық

 24.09.2013 жыл26.09.2013 жыл28.09.2013 жыл30.09.2013 жыл
 таңертеңкешкетаңертеңкешкетаңертеңкешкетаңертеңкешке
37,50 С        
37,40 С        
37,30 С        
37,20 С        
37,10 С        
37,00 С        
36,90 С        
36,80 С        
36,70 С      
36,60 С       
36,50 С        
36,40 С        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қорытынды диагноз
  2. Ауру шағымдары: жөтел, қақырықтың түсуі, мұрын арқылы тыныс алудың қиындауы, ентігу, мазасыздану.

2.Anamnesis morbi: Анасының айтуы бойынша, баланың ауырғанына 10 күндей болған. Жөтелу, ентігу, ауа жетпей мазасыздануына байланысты жанұялық дәрігерге қаралған және дәрігер тағайындауы бойынша ем алған: цефазолин 4 күн бұлшық етке енгізген. Аллерголог дәрігердің кеңесі берілген, нозейлин, «Аква-марис» қабылдаған. Жағдайы нашарлап, 18.09.2013 күні педиатрия бөліміне жатқызылды.

3.Anamnesis vitae: Басынан өткерген аурулары: ЖРВИ, баспа, бронхит, артрит.

  1. Объективті зерттеу нәтижелері: бронхообструктивті синдром, аускультативті өкпесінен қатқыл ысқырық тәрізді тыныс, өкпенің төменгі бөлімдерінде ылғалды ұсақ- және орташа көпіршікті сырылдар естіледі.

Лабораториялық-инструментальды зерттеулер: 18.09.2013 күнгі кеуде клеткасының рентгенографиясында – өкпелік суреттің күшеюі, өкпе түбірінің кеңеюі байқалады.

Клиникалық диагноз: ЖРВИ. Обструктивті бронхит, орташаауырлық дәрежесі.

Болжам және клиникалық диагноздарға сүйеніп және науқасты бақылау барысында қорытынды диагнозды:

  • Негізгі ауруы – ЖРВИ. Обструктивті бронхит, орташа ауырлық дәрежесі
  • Негізгі аурудың асқынулары – жоқ
  • Қосымша аурулар: жоқ

деп қойдым.

 

 

 

 

XVI. Кезеңді эпикриз

Науқастың аты-жөні: Досым Аружан

Жасы: 8

Жынысы: әйел адам

Ауруханаға түскен күні: 18.09.2013 жыл

Клиникалық диагноз: ЖРВИ. Обструктивті бронхит, орташа ауырлық дәрежесі

18.09.2013 күні сағат 1210 -да СММУ Медициналық орталығы балалар стационарының педиатрия бөліміне жөтелу, ентігу, ауа жетпей мазасыздануына байланысты «обструктивті бронхит» жолдама  диагнозымен жатқызылды.  Анасының айтуы бойынша, баланың ауырғанына 10 күндей болған, жанұялық дәрігерге қаралған және дәрігер тағайындауы бойынша ем алған: цефазолин 4 күн бұлшық етке енгізген. Аллерголог дәрігердің кеңесі берілген, нозейлин, «Аква-марис» қабылдаған. Жағдайы нашарлап, стационарға жатқызылды.

Анамнезінде: басынан өткерген аурулары – ЖРВИ, баспа, бронхит, артрит. Егулер өз уақытымен жүргізілген. Тұқым қуалайтын аурулары жоқ. Гемотрансфузия жүргізілмеген. Спецификалық аурулары жоқ.

Объективті қарауда: жалпы жағдайы  қанағаттанарлақ. Ақыл-есі анық.Төсектегі қалпы белсеңді. Тері жабындылары таза, түсі қалыпты.

Аускультативті: өкпесінде қатқыл тыныс естіледі, сырылдары жоқ.

Жүрек тондары анық, ырғақты. Пальпацияда іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған.

Пастернацкий симптомы теріс.  Зәр шығаруы сақталған, еркін. Нәжісі пішінделген.

Жалпы қан анализі:

 

МерзіміНв,г/лЭр.,х 1012/лЛ., х 109 г/лТКЭТЖ мм/сағБаз.,%Эоз.,%Ю,%П.,%С.,%Мон%Лимф%
18.09.131364,103,80,998 4  64428
29.09.131304,053,80,896 2  68327

Жалпы зәр анализі:

 

МерзімітүсіҮлес салмағыБелок г/лЛейк.к\а.Эритр., к\а.Цилиндрык\а.Эпителий к\а.тұздар
18.09.13Сабан-сары1020Жоқ2-4 к/аЖоқЖоқ1-2 к/аоксалат
29.09.13Сабан-сары1020Жоқ1-2 к/аЖоқЖоқЖоқЖоқ
         

 

Кеуде клеткасының R-графиясы: (18.09.2013 жыл)

Өкпелік сурет күшейген. Өкпе түбірі кеңейген.

 

Алған емі:

Тәртібі: палаталық                         Диетасы №6

 

  1. Спазмолитик ретінде:

Rp.: Tab. Euphyllini  0,15

D.t.d.№10 S: 10 мг/кг/тәул, 4 рет ішке қабылдау

  1. Бронходилататор ретінде:

Rp.: Aer. Asthalini (Salbutamoli)  0,15

D.t.d.№1 S: 3 дозадан күніне 3 рет ингаляция жасау

 

  1. Антибактериальды және вирусқа қарсы ем:

Rp.: Augmentini  0,6

D.t.d.№10 in pulv. S: 5мл-дан күніне 3 рет бұлшық етке енгізу, сынамамен

  1. Дисбактериоздың алдын алу мақсатында:

Rp.: Sol. Hylac forte 100ml D.t.d.№1 S: 30 тамшыдан күніне 3 рет ішке қабылдау

 

  1. Мұрын арқылы тыныс алуды қалпына келтіру үшін:

Rp.: Sol. Protargoli 2%-5ml D.t.d.№1 S: 3 тамшыдан күніне 3 рет мұрын қуысына тамызу

 

  1. Антигистаминді зат:

Rp.: Tab. Suprastini 0,025 D.t.d.№10 S: ¼ таблеткадан күніне 2 рет ішке қабылдау

 

  1. Инъекция орнына компресс қою: спирт+фурациллин 1:1

Емдеу барысында жалпы жағдайы (динамикада):

 

Науқастың жалпы жағдайы: орташа ауырлықта, бронхообструктивті синдромға байланысты. Дене температурасы қалыпты сандар деңгейінде.

Шағымдары: сирек жөтел, қақырықтың шығуы.

Аускультативті өкпенің төменгі бөлімдерінде қатқыл ысқырық тәрізді және орташа көпіршікті сырылдар. Жүрек тондары ашық, ырғақты. Іші пальпациялағанда ауырсынбайды.

Емнің 7-күні науқастың жағдайы жақсарып, 10-күні ауру белгілері қайта бастады.

 

Дәрігерлік нұсқаулар:

  • Диета (Певзнер бойынша №6 үстел)
  • Емдік дене шынықтыру
  • Вибрациялық массаж
  • Витаминотерапия: «Витрум» ½  табл х 1 рет ішке қабылдау

 

XVI. Шығару эпикризі

Сырқатнама тарихының № 14157

 

Науқастың аты-жөні: Досым Аружан

Жасы: 8

Жынысы: әйел адам

Ауруханаға түскен күні: 18.09.2013 жыл

Клиникалық диагноз: ЖРВИ. Обструктивті бронхит, орташа ауырлық дәрежесі.

18.09.2013 күні сағат 1210 -да СММУ Медициналық орталығы балалар стационарының педиатрия бөліміне жөтелу, ентігу, ауа жетпей мазасыздануына байланысты «обструктивті бронхит» жолдама  диагнозымен жатқызылды.  Анасының айтуы бойынша, баланың ауырғанына 10 күндей болған, жанұялық дәрігерге қаралған және дәрігер тағайындауы бойынша ем алған: цефазолин 4 күн бұлшық етке енгізген. Аллерголог дәрігердің кеңесі берілген, нозейлин, «Аква-марис» қабылдаған. Жағдайы нашарлап, стационарға жатқызылды.

Анамнезінде: басынан өткерген аурулары – ЖРВИ, баспа, бронхит, артрит. Егулер өз уақытымен жүргізілген. Тұқым қуалайтын аурулары жоқ. Гемотрансфузия жүргізілмеген. Спецификалық аурулары жоқ.

Объективті қарауда: жалпы жағдайы  қанағаттанарлақ. Ақыл-есі анық.Төсектегі қалпы белсеңді. Тері жабындылары таза, түсі қалыпты.

Аускультативті: өкпесінде қатқыл тыныс естіледі, сырылдары жоқ.

Жүрек тондары анық, ырғақты. Пальпацияда іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған.

Пастернацкий симптомы теріс.  Зәр шығаруы сақталған, еркін. Нәжісі пішінделген.

 

 

 

 

Жалпы қан анализі:

 

МерзіміНв,г/лЭр.,х 1012/лЛ., х 109 г/лТКЭТЖ мм/сағБаз.,%Эоз.,%Ю,%П.,%С.,%Мон%Лимф%
18.09.131364,103,80,998 4  64428
29.09.131304,053,80,896 2  68327

 

Жалпы зәр анализі:

 

МерзімітүсіҮлес салмағыБелок г/лЛейк.к\а.Эритр., к\а.Цилиндрык\а.Эпителий к\а.тұздар
18.09.13Сабан-сары1020Жоқ2-4 к/аЖоқЖоқ1-2 к/аоксалат
29.09.13Сабан-сары1020Жоқ1-2 к/аЖоқЖоқЖоқЖоқ
         

 

Кеуде клеткасының R-графиясы: (18.09.2013 жыл)

Өкпелік сурет күшейген. Өкпе түбірі кеңейген.

 

Алған емі:

Тәртібі: палаталық                         Диетасы №6

 

  1. Спазмолитик ретінде:

Rp.: Tab. Euphyllini  0,15

D.t.d.№10 S: 10 мг/кг/тәул, 4 рет ішке қабылдау

  1. Бронходилататор ретінде:

Rp.: Aer. Asthalini (Salbutamoli)  0,15

D.t.d.№1 S: 3 дозадан күніне 3 рет ингаляция жасау

 

  1. Антибактериальды және вирусқа қарсы ем:

Rp.: Augmentini  0,6

D.t.d.№10 in pulv. S: 5мл-дан күніне 3 рет бұлшық етке енгізу, сынамамен

  1. Дисбактериоздың алдын алу мақсатында:

Rp.: Sol. Hylac forte 100ml D.t.d.№1 S: 30 тамшыдан күніне 3 рет ішке қабылдау

 

  1. Мұрын арқылы тыныс алуды қалпына келтіру үшін:

Rp.: Sol. Protargoli 2%-5ml D.t.d.№1 S: 3 тамшыдан күніне 3 рет мұрын қуысына тамызу

 

  1. Антигистаминді зат:

Rp.: Tab. Suprastini 0,025 D.t.d.№10 S: ¼ таблеткадан күніне 2 рет ішке қабылдау

 

  1. Инъекция орнына компресс қою: спирт+фурациллин 1:1

 

Ауруханадан шыққан кезде:

Жағдайы қанағаттанарлық.

Аускультативті: өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ.

Жүрек тондары анық, ырғақты.

ЖСЖ 80 рет/мин., АҚ 100/70 мм.с.б. ТАЖ 22 рет/мин.

Пальпацияда іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасы  жиегімен, көкбауыры пальпацияланбайды.

 

Нұсқаулар:

  1. Диета (Певзнер бойынша №6 үстел)
  2. Емдік дене шынықтыру
  3. Витаминотерапия: «Витрум» ½ табл х 1 рет ішке қабылдау, 1 ай

 

kazmedic.org

Пневмония — Уикипедия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox disease

Инфекция пневмониясының негiзгi симптомдары  (ағыл.)

Пневмония (гр. pneumon — өкпе), өкпе қабынуы — өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы. Ол көбіне қызылша, көкжөтел, тұмау, бронхит, демікпе сияқты тыныс ауруларын немесе әсіресе жас балалар мен қарт адамдарда болатын қатаң аурулардан кейін пайда болады. Сонымен қатар ол СПИД-пен ауырған кезде де болуы мүмкін.

Ауруды әр түрлі вирустар (аденовирус, риновирус), бактериялар (пневмококк, стафилококк, стрептококк) қоздырады. Аурудың дамуына дененің қатты мұздауы, ауыр жұмыс пен жүйкелік-психик. күш түсу, улану, т.б. факторлар әсер етеді.

Түрлері мен белгілері[өңдеу]

Сырқаттың ұзақтығына қарай: жедел пневмония және созылмалы пневмония, ал қабынудың жайылып тарауына қарай: бөлікті пневмония және ошақты пневмония болып бөлінеді.

Жедел пневмония кенеттен басталады, дене қызуы 39 — 40oС-қа, кейде одан да жоғары көтеріледі, науқас қалтырап, алғашқыда құрғақ, кейіннен қақырықты жөтел пайда болады. Науқастың бүйірі шаншиды, біртіндеп тынысы тарылып, ауа жетпейді, буындары сырқырайды. Ем қабылдаған соң аурудың беті 3 — 5 күннен кейін қайта бастайды.

Созылмалы пневмония ауру асқынып, өкпе тінінің құрылымы мен қызметінің толық қалпына келмеуінен, сондай-ақ созылмалы бронхиттің салдарынан болады. Бұл кезде өкпенің белгілі бір тұстары қайталап қабынады. Сырқаттың дем алысы әлсіреп, сәл күш түссе деміге бастайды. Ауру асқынғанда пневмонияның жедел түріндегі клиник. белгілер қайталанады. Созылмалы пневмония ұзаққа созылады. Дер кезінде емделсе, науқас 2 — 3 аптадан соң жазыла бастайды. Балаларда болатын пневмонияның кейбір ерекшеліктері бар. Олар пневмониямен ауырғанда демігумен бірге бетінің әр жері, әсіресе үстіңгі ернінің айналасы әлсін-әлсін көгереді; диспепсия белгілер байқалуы мүмкін. Көп жағдайда тәбеті мен ұйқысы бұзылады. Жаңа туған сәби пневмониямен ауырғыш келеді. Кейде кеудесі сырылдап, сілекейі көбіктенеді. Жас балалар мен сәбилерде болатын пневмония өте қауіпті, көп жағдайда ауру асқынып, отитке немесе плевритке ауысады. Емі: өкпе жедел қабынса, ауруханада стационарлық ем қабылдау қажет. пневмонияны кең спектрлі әсер ететін антибиотиктермен, соңғы кезде цефолоспориндермен емдейді. Физиотерапия, емдік денешынықтырумен айналысу, құнарлы, витамині көп тағамдар ішу пневмонияның алдын алуға көмектеседі.[1]

Белгілері[өңдеу]

  • Бірден қалтырап, ыстықтың көтерілуі;
  • Дем алыстың жиілеуі, одан қырылдаған немесе сырылдаған дыбыстың шығуы.
  • Әр дем алыПневмониядем шығарған сайын мұрынның желбезегі көтеріліПневмониябасылып тұрады.
  • Дененің ысуы (кейде жаңа туған нәресте немесе қарт адамдар, әсіресе әлсіз адам-дар, ауыр екпе қабынуымен ауырғанда температура айтарлықтай кетерілмейді).
  • Жөтел (түсі сары, жасыл немесе қошқыл қоңыр, не сілекейге аздап қан араласқан).
  • Кеуде ауырады.
  • Науқастың халі ауырлайды.
  • Бетіне және ерніне салқын тигенде ұсақ жаралар шығады. Өте қатты ауырған бала минутына 50-ден астам ентіге дем алса, ол өкпе қабынуымен ауыруы мүмкін. Егер дем алысы жиі және терең болса, тексеріп көріңіз, бұл дегидрация немесе ұстамалы жүйке ауруы болуы мүмкін.

Микоплазмалы пневмония[өңдеу]

Микоплазмалар химиялық құрамы бойынша бактерияларға, ал өсіп-өну мүмкіншілігін ескергенде, вирустарға жақын. Ол бұрын атипиялық пневмония деп аталып келген аурудың қоздырушысы болып саналады.

Микоплазмалар эпителий жасушаларының ішінде көбейіп, оларды дистрофиялық өзгерістерге душар етеді, олардың цитоплазмасы бояулармен әлсіз боялып, көбіктеніп тұрады. Осы клеткалар кейінірек альвеола ішіне көшіп түсе бастайды. Олардың айналасында нейтрофилді лейкоциттер, эритроциттер топталып қабыну ошағы пайда болады. Қабыну сіңбесінің аралық ұлпасында көбеюі осы инфекция үшін өте тән құбылыс. Қабыну ошақтары майда, бірақ қоңыр-қызыл түсті болады. Оларды ателектаз және эмфизема ошақтары қоршап жатады. Микроплазмалы пневмонияға әдетте вирусты немесе бактериялы инфекциялар қосылып аралас инфекциялы пневмония дамиды.

Саңырауқұлақтар шақыратын ошақты пневмония (пневмомикоз)[өңдеу]

Бұл пневмонияларды негізінен ашытқы саңырауқұлақтар тобына жататын С.albicans қоздырады(кандидамикоз). Кандидамикоздар көбінесе антибиотиктерді өте көп және ретсіз қолдану нәтижесінде пайда болатын дисбактериозға байланысты дамиды. Өкпеде үлкенді-кішілі, қызғылт-сұр түсті, тығыз ошақтар пайда болады. Осы ошақтардың ортасында саңырауқұлақтардың жуан жіпшелерін, олардың айналасында лейкоциттер мен макрофагтар көрінеді. Кейін осы жерде эпителоидты және алып клеткалы грануляциялы ұлпа өседі. Өкпе әдетте ауыз қуысында, өңеште кандидалы процесс болғанда аспирация жолымен дамиды.[2]

Өзге түрлері[өңдеу]

  • Абецедирлейтін пневмония — аденовирустар туғызатын интерстициальдық пневмония, әдетте жара некрозды трахеиттермен және күшті байқалатын паренхима некрозымен бірге жүреді.
  • Алейкоцитарлық пневмония — бұл жағдайда альвеолярлық экссудат құрамында лейкоциттер болмайды, лейкопениялық күй кезінде, мәселен, сәуле ауруы кезінде байқалады.
  • Ареактивтік пневмония (анергиялық пневмония) — әлсіреген адамдардың немесе кәрілік жасындағы адамдардың организмнің реакциясы төмендеген кезде байқалатын температуралық реакциясы айқын болмайтын аурудың босаң ұзақ барысы.
  • Аспирациялық пневмония — бөтен заттармен және сұйықтармен аспирациялау нәтижесінде дамитын жедел пневмония.
  • Ателектаздъқ пневмония — өкпе учаскесіне инфекция арқылы пайда болған ауру.
  • Өкпенің мөлшерден ауытқып қабынуы — аурудың әдеттегі түрінен ауытқып кетуін сипаттайды.
  • Өкпенің ацинозды қабынуы — ацинусты құрайтын альвеола тобын қамтиды.
  • Өкпенің ацинозды-нодозды қабынуы — бөлек ацинустарды қалай қамтыса, ацинус тобын да солай қамтиды.
  • Өкпенің билиозды қабынуы — өт арқылы асқазан ішіне бөгде заттардың түсуі салдарынан жаңа туған балада дамиды. Ауру жағдайында ас ішектен асқазанға түседі. Өкпедегі ұлпаның тез қорытылуын сипаттайды.
  • Өкпенің сырқырамалы сары ауруынан қабынуы — сары ауруымен ауыратын адам өкпесінің қабынуы, құрғақ немесе сұйық заттан болатын сірі қабықтың қабынып және кеңірдек бездеріне салқын тиіп құятын ошақтардың пайда болуымен альвеоланың қабынуы түрінде өтеді.
  • Өкпенің іш сүзектен қабынуы — іш сүзек ауруының 3—4 аптасында басталады, регионарлы лимфа түйіндеріндегі өкпе тканінде іш сүзектен тері талаурап іседі.
  • Өкпенің вагусты қабынуы — көкірек қуысына зақым келгенде, жылжымалы жүйкелердің тітіркенуден өкпенің қатты қабынуы.
  • Өкпенің үстіңгі бөлшек қабынуы — өкпенің жоғарғы жағына жайылмай қабынуы.
  • Жаңа туған бала өкпесінің ана құрсағы ішінде қабынуы — ана құрсағы ішінде даму кезінде немесе туар кезінде пайда болған.
  • Шіріген пневмония — өкпе шіруімен асқынған пневмония.
  • Өкпеге қанның жиналуынан қабынуы — альвеолды сұйық затта және қақырықта көптеген қанның қызыл түйіршіктері байқалады, мысалы, тұмау кезінде, өкпеден тиетін чума түрінде, түйнеменің іріңді түрінде байқалады.
  • Өкпенің жансызданып, қанды қабынуы — өкпедегі ұлпаның жансызданып, альвеолды қанды сұйық заттың жиналуы. Тұмау кезінде өкпеден тиетін чума түрінде байқалады.
  • Өкпенің аса ірі клеткалық қабынуы — альвеолды сұйық зат құрамында бір ядролы көп клеткалар болады. Цитомегалия кезінде және кейбір басқа вирусты ауруларда байқалады.
  • Ауа тазартқыштың жетіспеуінен өкпенің қабынуы — өкпедегі ұлпаның инфицирлі бөліктерінде ауаның төмендеуінен, мысалы өкпедегі ателектаздың толық болмауынан болады.
  • Өкпенің гипостатикалық қабынуы — өкпе тканінің кіші күре тамырында қан кернегенде пайда болады, мысалы, ұзақ уақыт шал қасынан жатқан кезде өкпенің артқы бөліктерінде пайда болады.
  • Өкпенің тұмауратқаннан қабынуы — 1. Тұмау асқынған кезде, әдетте бактериялы көбіне стафилокок жұқпалы ауру жинақталғанда дамиды, ауру созылмалы түрде өтеді және бейімділікпен іріңді ісікке айналады; 2. өкпенің тұмауратқаннан алғашқы қабынуы — өкпенің қанды қабынуы қан айналымының бұзылуынан қатты өтетін түмаудың пирусын қоздырады.
  • Өкпенің бөлік аралық қабынуы — көбінесе бөлік аралығындағы дәнекер болып тұратын ұлпаның ісіп қызару әрекетінің кеңейген өкпенің интерстициальді қабынуы.
  • Өкпенің микоплазмадан қабынуы (саңырауқулақ бактериясындағы сұйық бөлік) — өкпенің мөлшерден ауытқып қабынуы, алғашқы түрі — микоплазманы қоздырып өкпе ошағының немесе бір бөлігінің қабынуы.
  • Өкпенің миллиарлы қабынуы — көп, ұсақ, диаметрі 1—2 мм ісу, қызару ошақтарының пайда болуы.
  • Өкпенің обтурациялы қабынуы — кеңірдек тарамындағы саңылаудың шырышпен немесе бөгде заттармен бітеліп қалуына себепші болатын ауру.
  • Өкпенің орнитозды қабынуы — орнитозда өкпенің интерстициальді немесе ұсақ ошақтарының қабынуы ауру белгісі әлсіз көрінеді, ауру ұзақ өтеді және бейімділікпен қайталанады.
  • Өкпенің жедел қабынуы — сұйық заты болатын қабыну түрі бойынша өкпе қабынуының тез дамуы.
  • Өкпенің ошақты қабынуы — өкпедегі ұлпаның шамалы бөліктерін қамтиды.
  • Өкпенің паравертебральді қабынуы — омыртқасымен жатқандардың өкпе бөліктерінің бірінде болады; көбіне жаңа туған балада байқалады.
  • Кеңірдек тарамдарындаты ұлпаның талаурап ісуінен өкпенің қабынуы — көбінесе кеңірдек тарамдары айналасында болады: кеңірдек тарамдарында ұлпаның талаурап ісіп, лимфа жолымен өкпедегі ұлпа де ісіп қызару әрекетінің таралуы салдарынан пайда болады.
  • Өкпенің перифокальды қабынуы — табиғаты жағынан ісіп қызармайтын өкпенің зақымдану ошағы (мысалы жансыздану ошағы) айналасында дамиды.
  • Өкпенің пневмококтан қабынуы — өкпедегі шар тәрізді бактерияны қоздырып, өкпенің ісіп қабынып ауруы немесе өкпе ошағының қабынуы талшықпен және іріңмен жиі араласқан ұйыма альвеолды сұйық заттан тұрады.
  • Өкпенің операциядан кейін қабынуы — өкпенің көбінесе орнықпай немесе ауа тазартқыштың жетіспеуінен қабынуы, хирургиялық операциядан кейінгі жақын күндерде дамиды, кәрі адамдарда немесе әлсіз ауруларда жиі болады.
  • Өкпенің полифераттық қабынуы өкпенің СОЗЫЛМАЛЫ түрде қабынуы, альвеола мен кеңірдек тарамындағы кілегейдің ұлғаюынан болады.
  • Өкпенің жалған лобарлы қабынуы өкпе ошағының араласып қабынуы рентген сәулесімен тексергенде және емдегенде өкпе бөлігінің қабынуын мысалы крупозды ісінуін еске салады.
  • Өкпенің реаматизмнен (сарнтап) қабынуы ревмативм асқынғанда, өкпе ошағының көбіне бір бөлігінің қатты қабынуы, өкпе қан тамырларындағы бұлшық ет сіңірінің жансыздануы себепші болады.
  • Өкпенің бір текті қабынуы — өкпенің сегментін (бар тектестігін) қамтпды.
  • Өкпенің септикалық қабынуы — іріңдеткіш мпкробтардың қанға жайылып асқынуы немесе қанды іріңнің организмге жайылуының білінуі.
  • Өкпенің сары суланып қанның жиналуынан қабынуы — қанның қызыл түйіршектерінің нашар жағымен араласқан сары сулы альвеолды сұйық заттан болады, мысалы тұмау кезінде, обада байқалады.
  • Өкпенің сары суланып фибринді қабынуы — фибринмен араласқан сары сулы альвеолды сұйың заттан болады.
  • Өкпенің түйнемеден қабынуы — өкпе ошағының қатты жансызданып, қанның жиналып қабынуы өкпеге түйнеме бацилласының енуінен болады, түйнеменің іріндеткіш микробтары қанға және ұлпаға жайылады.
  • Өкпенің араласып қабынуы — жеке, ұсақ ісіп қызару ошақтарының тым ірілеріне келіп қосылуы.
  • Өкпенің стафилокктан қабынуы өкпе ошағының кейде араласып қабынуын cтафилококк қоздырады. Өкпедегі ұлпаның жансыздануы және іріңдеуі көбінесе балаларда, кәрі және әлсіз адамдарда байқалады.
  • Өкпенің зақымдалудан қабынуы — өкпеге зақым келгенде, мысалы, қабырға сынғанда, өкпе зақымданып қабынады.
  • Өкпенің зақымданудан екіншілей қабынуы — қарама-қарсы жарақат жағында дамиды.
  • Өкпенің зақымданудан қабынуы, алғашқы түрі — жарақат түскен өкпеде дамиды.
  • Қан ұйып тамырдың бітеліп қалуынан өкпенің қабынуы — өкпедегі үлкен күре тамырдың бітеліп қалуынан немесе оның тарамдарының кішкентай бөлшектерінде қанның ұюынан болады.
  • Өкпенің туляремиядан қабынуы — өкпеге туляремия таяқшасының енуінен өкпе ошағының сары суланып, фибринді қабынуы, ұзақ уақыт жансызданады және іріңді ісікке айналады. Лимфа бездерінің ауруы және ірі қабықтың қабынуы дамиды. Осының негізінде өкпе туляремиясы дамиды.
  • Өкпенің фибринозды — қанды қабынуы — сары сулы альвеолды сұйық затта фибрин мен қанның қызық түйіршіктерінің саны көп болады, мысалы, обада байқалады.
  • Өкпенің созылмалы түрде қабынуы — ұзақ уақыт асқынады және өкпедегі ұлпаның зақымдалған бөлімі біртіндеп тыртықтанып тыржиып дәнекер ұлпаға айналып қатаяды.
  • Өкпенің орталықта қабынуы — қабыну ошағы өкпе бөлігінің тамырында болады, ал сірі қабық ауру күйінде тартылмайды.
  • Өкпенің обадан қабынуы — өкпеге оба таяқшасының енуінен өкпенің сары суланып және қанның жиналып фибринді және қанның жиналып немесе жансызданып қабынуы. Осының кезінде өкпеге оба ауруы тарайды.
  • Қан тамырының бітеліп қалуынан өкпенің қабынуы — өкпедегі үлкен күре тамырдың немесе оның тарамдарының бітеліп қалуынан болады.
  • Иллинос өкпенің қабынуы — хламида тобынан ұсақ организмдер қоздыратын қатты жұқпалы ауру, өкпенің қабынуы ауыр жағдайда өтеді.
  • Луизиан өкпенің қабынуы — хламида тобынан ұсақ организмді қоздыратын қатты жұқпалы ауру. Өкпенің қабынуы ауыр жағдайда өтеді.
  • Сүйекті қалпына келтіргеннен өкпенің қабынуы — ауру себебі белгісіз, негізінде перфокальды қабынудың пайда болуымен өкпедегі дәнекер болып тұратын ұлпаның сүйектену ошағының тууы жатыр.[3]

Пневмонияғы әкелетін жағдайлар[өңдеу]

Жас балалар:

  • құрсақтық гипоксия және асфиксия;
  • туу жарақаттары;
  • жаңа туған кезедегі пневмопатия ;
  • туа біткен жүрек ақаулары;
  • өкпенің туа біткен ақаулықтары;
  • муковисцидоз;
  • тұқым қуалайтын иммунитет дефициті;
  • аштық;
  • гиповитаминоздар.

Мектеп жасындағы балалар:

  • жұтқыншақ инфекциясының созылмалы ошақтары;
  • қайталанбалы бронхит;
  • муковисцидоз;
  • Жүрек клапаны аурулары;
  • иммуно жетіспеушілік ;
  • шылым шегу.

Ересектер:

  • темекі шегу және созылмалы бронхит;
  • өкпенің созылмалы аурулары;
  • эндокриндік аурулары;
  • жүрек жеткіліксіздігі;
  • иммуно жетіспеушілік;
  • кеуде және іштің хирургиямв;
  • маскүнемдік;

Емдеу жолдары[өңдеу]

Уикипедия медициналық кеңес беретін орын емес, мұндағы кеңестер шындыққа жанаспауы мүмкін (Дереккөздер[4]):

  • Өкпе қабынуын антибиотиктермен емдеу емір немесе өлім мәселесіне келіп тірелуі мүмкін. Пенициллин, ко-тримоксазол немесе эритромицин беріңіз. Науқастың халі нашарлап бара жатса прокаин-пенициллин шанышыңыз, ересек адамдарға: күніне 2—3 рет 400 000 ед (250 мг) немесе күніне 4 рет 500 мг ампициллин ішкізіңіз. Жас балаларға ересектерге берілетін дәрі мөлшерінің 0,5—025 мөлшерін беріңіз, 6 жасқа дейінгі балаларға ампициллин берген жөн.
  • Ыстықты түсіру және ауырғанды қойғызу үшін аспирин немесе ацетаминофен беріңіз.
  • Науқасқа мейлінше көп сұйық беріңіз. Егер науқас тамақ іше алмаса, онда оған сұйық тағам немесе регидрат сусынын беріңіз.
  • Жөтелді жеңілдету және қақырықты босату үшін де көп сұйық ішу және су буы ингаляциясын жасау ұсынылады.
  • Сырыл болған жағдайда теофиллин немесе эфедрин түріндегі демікпеге қарсы дәрілер қолдану қажет.

Дереккөздер[өңдеу]

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. ↑ Т.,"Ж.Б.Ахметов,Патологиялық анатомия,1993 ж.,34 б.,ISBN 5-630-00264-3
  3. ↑ Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Ана тілі. 1996. ISBN 5-630-00473-5
  4. ↑ Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет. ISBN 5-615-01453-9

kk.wikipedia.org

Ангина.Бронхит Олардың алғашқы белгілері Емдеу жолдары — творческая работа

 

    • Тақырыбы:
    • “Ангина.Бронхит
    • Олардың алғашқы белгілері
    • Емдеу жолдары”

Жиі кездесетін аурулардың бірі — баспа (ангина).

 

Баспа, ангина (латынша ango — қысамын, тұншықтырамын) — көмейдегі бадамша  бездерінің қабынуынан болатын жұқпалы  ауру. Оның қоздырғышы — стрептококк  бактериясы. Баспа адам организмінің түрлі жұқпалы вирустарға қарсы  тұру қабілеті төмендегенде, суық тигізгенде, витаминдер жетіспегенде, шаршағанда пайда болады. Баспа — бадамша  бездерінің ісініп, жұтқыншақтың қызаруымен басталады; тамақ құрғап, жұтындырмайды.

Ангина ауруы калай пайда болады?

 

Оның  қоздырғышы — стрептококк бактериясы. Баспа адам организмінің түрлі жұқпалы  вирустарға қарсы тұру қабілеті төмендегенде, суық тигізгенде, витаминдер жетіспегенде, шаршағанда пайда болады.

 

Баспа —  бадамша бездерінің ісініп, жұтқыншақтың қызаруымен басталады; тамақ құрғап, жұтындырмайды. Тамақ бездері ісініп, қол тигізбей ауырады.

Дене қызуы көтеріліп, бас ауырады, буын сырқырайды, адам дел-сал болып әлсірейді.

 

Бадамша бездері қабынып, ақшыл сары ірің пайда

болады. Баспаны дер кезінде емдемесе, ортаңғы құлаққа өтуі мүмкін.

 

Мұндай Баспа  өзінен-өзі жарылады, кейде оған операция жасауға тура келеді. Баспаның жедел өтетін және созылмалы түрлері  бар.

 

Ангина — көмейдегі бадамша бездерінің қабынуынан болатын жұқпалы ауру.

 

Ангина ауруының алғашқы белгілері

Алдымен баспаның неден туындайтынын түсіндіре кетелік. Баспа – бұл  ағзаның түрлі жұқпалы вирустарға қарсы тұру қабілеті төмендегенде, суық тигізгенде, витаминдер жетіспегенде, шаршағанда көмейдегі бадамша бездерінің қабынуынан болатын жұқпалы ауру. Баспа балмұздақ жеуден, аяқтан су өткеннен немесе өзен-көлге шомылғаннан  кейін де көтеріледі. Кең тараған  бұл сырқатпен көбінесе жас балалар  мен 35-40 жасқа дейінгі ересек адамдар  ауырады. 

Баспаның  алғашқы күні дене температурасы 38-39 градусқа, кей жағдайларда тіпті 40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Ондайда сырқаттың басы ауырып, әлсіздік пайда болады, тоңып, дірілдейді. Тамақ  ауруы күшейеді. Әдетте ауру 7-8 күнге  созылады. Егер баспа жиі қайталанса, онда ауру созылмалы тонзилитке әкеліп соғады. Сондықтан оның алғашқы белгісі  білінісімен дәрігерге көрініп, созылмалы түрге өткізбей емделу қажет. 

Тамақты шаю үшін 3 пайыз сутегі тотығын, марганец қышқылды калийдің сәл қыз-ғылт ерітіндісін, риванал ертіндісін (бір стакан суға 1 таблеткасы), сондай-ақ шалфей және түймедағы  өсімдіктерінің қайнатқан суын пайдалануға  болады. Тағы бір есте сақтайтын нәрсе – баспамен ауырған науқасты мүмкін-дігінше оқшаулап, оған бөлек ыдыс, сүлгі беру керек. Тамақтанғаннан кейін ыдысты мұқият жу-ып, 10-15 минут суға қайнатып алған жөн. Ал дәрі-дәрмекті өз бетінше қабылдауға болмайды. Оны нау-қастың жағдайы мен баспаның түріне қарай дәрігер белгілеуге тиіс. 

 

Ангинаны емдеу жолдары

Ангинамен жиі  ауыратын болса, бұл созылмалы тонзилиттің  – көмекей бездерінің созылмалы  қабынуы белгісі болуы мүмкін- бұл кезде ангинаның «әдеттегі» симптомдары болады – тамақ ауруы  және дене қызуының көтерілуі –  болуы мүмкін және айқын байқалмауы да мүмкін. Көбінесе созылмалы тонзиллит  тек дәрігердің қарауында белгілі  болады. Алайда созылмалы тонзиллиттің «жасырын жау» екенін әрқашан есте сақтау қажет. Созылмалы тонзиллиттің қауіптілігі, барлық ағза үшін созылмалы инфекцияның көзі болып табылады. Ал бұл инфекция 80-ге жуық аурудың көзі бола алады! Мысалы, бүйректің қабынуы – гломерулонефрит, «жаман жағынан белгілі» ревматизм және жүрек бұлшықетінің қабынуы – миокардит. Сондықтан созылмалы тонзиллитті уақтылы танып қана қоймай, сонымен қатар дұрыс емдеу қажет.

Ал бұл инфекция 80-ге жуық аурудың көзі бола алады! Мысалы, бүйректің  қабынуы – гломерулонефрит, «жаман жағынан белгілі» ревматизм және жүрек бұлшықетінің қабынуы –  миокардит. Сондықтан созылмалы  тонзиллитті уақтылы танып қана қоймай, сонымен қатар дұрыс емдеу  қажет.

 

Аурулардың  тағы да бір түрі — бронхит

 

Бронхит-бұл өкпеге ауа баратын  тыныс жолдарындағы немесе түтікшілердегі инфенкция. Бронхит болған жағдайда жөтелде шуыл болады, көбіне сілекей немесе қақырық түседі. Бронхит әдетте вирустан пайда болады, сондықтан оған антибиотиктер беруге болмайды. Антибиотиктерді егер бронхиттен оңалудың белгілері болмай бір аптадан артыққа созылған жағдайларда, өкпе қабынуының белгілері білінсе немесе өкпеңізде созылмалы аурулар болған жағдайларда ғана пайдаланыңыз.

Бронхит көбінесе, тұмау, көкжөтел, қызылша, т.б. аурулардың салдарынан пайда болады.

Жедел Бронхитпен ауырған  науқас тоңады, жиі есінейді, басы ауырады, дауысы қарлығып, кеңірдегі алдыменулі құрғақ, кейін қақырық араласқан  жөтел жиі пайда болады

 

Дене температурасы  көбіне қалыпты жағдайда сақталады. Жедел бронхит негізінен 1-3 аптада толықтай жазылып кетеді

 

Жас балалар мен  қарияларда бронхиттің жедел түрі өте  ауыр өтеді, тез ем қолданбаса, созылмалы  түрге айналады.

 

Ауру кезінде  жатқан бөлменің ауасы құрғақ, таза әрі жылы болуы керек. Қолданатын ем-шаралар: банка, қыша қағаз, физиотерапевтік  ем, С витаминіне және белокқа бай  тағамдар

 

Бронхит-ұзақ уақыт  шаң-тозаң, улы газ жұтқаннан, темекі тартқаннан, созылмалы өкпе ауруларының  әсерінен өкпеде  көп уақыт  қан  ұйып қалудың салдларынан дамиды.

Шылым шегетін адамның өкпесі.

Бронхит ауруының қозу ошақтары.

Слайдтық презентацияны дайындағандар:

Қайта даярлау курсының тыңдаушылары

Жумабаева Айгуль

Сейтжанова Динара

Тогузбаева Айсулу  

referat911.ru

бронхит казакша

4.6 597 бронхит казакша

Лечение обструктивного бронхита . Обструктивный бронхит у ...

Хочу поделиться опытом лечения обструктивного бронхита. В 5.5 месяцев мы с дочей попали в больницу с обструктивным бронхитом. Могли бы и не ...

  www.7ya.ru

Обструктивный бронхит - причины, симптомы, диагностика и ...

Обструктивный бронхит. Симптомы. Диагностика. Что делать при диагнозе обструктивный бронхит. Консервативное лечение и операции. Платные и ...

  www.krasotaimedicina.ru

Хронический бронхит у детей

1 дек 2001 ... Название протокола: Хронический бронхит у детей. 2. Код протокола: 3. Код( ы) МКБ-10. J40. Бронхит, не уточненный как острый или ...

  www.rcrz.kz

Обструктивный бронхит у детей до года, 2-3 лет – причины ...

Бронхит у детей: причины, симптомы и лечение. Первые признаки и типы заболевания: острый, обструктивный и хронический бронхит. Как лечить ...

  www.ayzdorov.ru

Помощь в лечении бронхита и пневмонии дома, рецепт - YouTube

5 фев 2013 ... Рецепт, который поможет в лечении пневмонии и бронхита в домашних условиях.

  www.youtube.com

Какырык - Wikipedia

Какырык бир түкүрүмдөн (бронхитте жана өпкө сезгенүүнүн башталышында) 1—2 лге чейин (өпкөнүн ириндүү ооруларында) чыгат. Адатта какырык ...

  ky.wikipedia.org

Детский рецидивирующий бронхит — Википедия

Детский рецидивирующий бронхит — диагноз, обозначающий ситуацию, при которой ребёнок страдает простудными заболеваниями три или более ...

  ru.wikipedia.org

Рецидивирующий бронхит - причины, симптомы, диагностика и ...

Рецидивирующий бронхит – повторно возникающее, затяжное воспаление слизистой бронхов, повторяющееся до 3 и более раз на протяжении года, ...

  www.krasotaimedicina.ru

Атрофический бронхит - причины, симптомы, диагностика и ...

Атрофический бронхит. Симптомы. Диагностика. Что делать при диагнозе атрофический бронхит. Консервативное лечение и операции. Платные и ...

  www.krasotaimedicina.ru

Казакша Анегдоттар | ВКонтакте

Бір сұрақ қоямын, жауап берші. -Жарайды, қой сұрағыңды. -Дүниежүзінде қанша туалет бар? -Ой көп қой, соның бәрін санап жүр дейсің ба... Қанша үй  ...

  vk.com

Бронхит тахикардия Лечение Сердца

Острый бронхит. Причины острого бронхита. Острый бронхит — острое воспаление бронхов — является наиболее частым заболеванием органов дыхания.

  heal-cardio.ru

Бронхит у детей: первые признаки и симптомы. Как лечить ребенка?

Бронхит у детей: на какие симптомы обратить внимание? Как лечить? Бронхит является заболеванием вирусного или бактериального происхождения...

  MamaVika.com

Бронхит: симптомы и лечение у взрослых, причины

Самым распространенным заболеванием в мире считается бронхит.

  MyMedicalPortal.net

Бронхит симптомы

Бронхит - это воспалительное заболевание бронхов с преимущественным поражением их слизистой оболочки.

  medn.ru

Как передается бронхит, заразен ли он для детей и взрослых

Бронхит представляет собой респираторное заболевание, которое характеризуется вовлечением в воспалительный процесс слизистой оболочки бронхов...

  pneumonija.ru

Обструктивный бронхит — что это, симптомы и лечение у взрослых

Бронхит состоит в числе наиболее распространенных болезней органов дыхания.

  www.pulmonologiya.com

Бронхит: заразен для детей или нет, передается ли окружающим

Острый вирусный бронхит опасен для окружающих. У детей раннего возраста эту болезнь вызывает респираторная инфекция, заражение носит характер эпидемии.

  loramed.ru

Бронхит: симптомы, лечение бронхита

Бронхит характеризуется вовлечением в воспалительный процесс бронхов.

  bezboleznej.ru

Всё о бронхите - симптомы, лечение бронхиты, вопросы и ответы

Что такое бронхит? Латинское название болезни состоит из двух частей: «bronch» – бронх и «itis» – воспаление, что означает воспаление бронхов.

  ineboleem.com

Бронхит при беременности: чем опасен, лечение 1 2 3 триместр...

Острый бронхит при беременности не так опасен, как неприятен.

  sberemennost.ru

www.obshaga.kz


Смотрите также